2025 жылғы 26 ақпанда Институт қызметкері Гүлден Қасқарбаева БҰҰ-ның мерейтойына және еліміздің осы ұйымға кірген күніне арналған «Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы және Қазақстанның рөлі: мультилатерализмнің болашағы» тақырыбындағы панельдік талқылауға қатысты. Іс-шара БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі және ҚР Президенттік орталығы ұйымдастыруымен өтті.
Кездесуге БҰҰ, Сыртқы істер министрлігі, дипломатиялық корпус және еліміздің бірқатар талдау орталықтарының өкілдері қатысты.
Қатысушылар жаһандық институттарды реформалаудың және қазіргі заманғы сын-қатерлерді шешуде көпжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ қызметіне қосқан үлесін талқылады.