2025 жылғы 5 наурызда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Амангелді Тәженов «CGTN» Қытай медиа-корпорациясына Қытайдың басқа елдермен және Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша сұхбат берді.
14-ші шақырылымның Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы мен Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесінің сессияларының ашылуына байланысты А. Тәженов Қытай экономикасының тұрақтылық дәрежесі мен даму деңгейіне, оның әлемдік экономиканың өсу драйвері ретіндегі жаһандық рөліне жоғары баға берді. Қытай үкіметінің арасында жергілікті жағдайларға сәйкес жаңа сапалы өндіргіш күштерді дамыту және заманауи өнеркәсіптік жүйенің құрылысын жеделдету, ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік инновацияларды интеграциялауға және дамытуға жәрдемдесу бойынша қытайлық «Жасанды интеллект+» жобасының рөлі ерекше атап өтілді. Сұхбатта сондай – ақ екіжақты ынтымақтастық және «Бір белдеу-бір жол» Қытай стратегиялық бастамасын іске асыру үдерісіндегі Қазақстанның рөлі, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікті, тұрақтылық пен өркендеуді қамтамасыз етудегі ҚР мен ҚХР өзара іс-қимылы мәселелері қозғалды.