2025 жылғы 16 Сәуірде Институт қызметкерлері В.Ситенко, К.Нұртазин және Г.Қасқарбаева Эстонияның Халықаралық қорғаныс және қауіпсіздік орталығының сарапшылары Санширо Хосака және Тоомас Хансомен кездесу өткізді. Кездесуге Қазақстандағы Эстония елшісінің орынбасары Трийну Питс те қатысты.
Зерттеу мекемелері қызметінің негізгі салалары туралы ақпарат, сондай-ақ халықаралық қатынастардың жай-күйі мен жаһандық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты.
Кездесуге қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі дамыту және екі талдау орталығы арасындағы байланыстарды қолдау туралы келісті.