+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ҚР СІМ ЖАНЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ САЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ МЕН ПӘКІСТАН СІМ ЖАНЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТУҒА ҚАТЫСТЫ

2025 жылғы 24 сәуірде онлайн-режимде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Пәкістан Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Өңірлік зерттеулер институты басшылығының кездесуі өтті. Екі талдамалық құрылым арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Қазақстан тарапынан Меморандумға ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев, Пәкістан тарапынан Өңірлік зерттеулер институтының президенті Джаухар Салим қол қойды. 
Меморандумда өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту, өзара ақпарат алмасу, жобалар мен зерттеу бағдарламаларын әзірлеу, бірлескен іс-шаралар өткізу көзделеді. 
Іс-шараға ӨЗИ Өңірлік өзара іс-қимыл жөніндегі Орталық Азия бағдарламасының жетекшісі Хамза Рифат және пәкістандық институтының басқа да өкілдері, сондай-ақ ССЗИ сарапшысы Гүлден Қасқарбаева қатысты. 
Кездесу барысында жаһандық және өңірлік ахуал, сондай-ақ институттар арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды