2025 жылғы 17 мамырда «Казахстанская правда» газетінде ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Амангелді Тәженовтың «Әлемдегі қақтығыстар әлеуеті артып келеді» атты мақаласы жарияланды.
Материалда жетекші елдер арасындағы геосаяси бәсекелестіктің күшеюі, оның жаһандық сипаттағы өзгерістерге және қалыптасқан халықаралық құқықтық жүйенің тұрақсыздануына әкелетіндігі атап өтіледі. Бұл ретте, дауларды шешудің тиімді тетіктері мен құралдарының тапшылығы аясында әлемдік аренадағы тұрақсыздықты үдедетін мемлекетаралық келіспеушіліктерді шешуде күш факторының ұлғаюына назар аударылады.
(Мақала сілтемесі: https://kazpravda.kz/n/konfliktogennost-v-mire-narastaet/)