2025 жылғы 29 мамырда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев «AIF – 2025» халықаралық форумына қатысуына байланысты Астанаға келген Француз Еуропалық перспективалар және қауіпсіздік институтының президенті Эммануэль Дюпюимен кездесті. Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан астанасында өтіп жатқан форумда сөйлеген сөзінде қозғалған мәселелер бойынша пікір алмасты. Ол экономика мен қауіпсіздіктен
экология мен климатқа дейінгі аса маңызды жаһандық мәселелерге қатысты екені атап өтілді.
Б.Нұрғалиев сұхбаттасушымен халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің жай-күйін, әлемдегі қазіргі геосаяси жағдайды, Орталық Азиядағы жағдайды және өңірдің Еуроодақпен қарым-қатынасын талқылады.
Э.Дюпюи басқаратын Институтпен ССЗИ байланыстарын жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.