2025 жылғы 2 маусымда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Институт директорының орынбасары Цзинь Чжэ бастаған Қытай қоғамдық ғылымдар Академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының (ҚҚҒА РШЕОАИ) делегациясымен кездесті.
Орталық Азия өңіріндегі көптеген мәселелер, ахуал, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың өзекті мәселелері бойынша талқылау және пікір алмасу өтті.
Б. Нұрғалиев, атап айтқанда, геосаяси турбуленттілік контекстінде ШЫҰ форматтарындағы өзара іс – қимыл, Орталық Азия-Қытай алаңдары көпжақты ынтымақтастықтың перспективалық үлгілерін, сондай-ақ өзара қолдауға, тең құқыққа, бірлескен дамуға және қатысушы елдердің ортақ сын-тегеуріндерге бірлесіп ден қою жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіруге негізделген тығыз әріптестікке арналған платформаны ұсына отырып, ерекше маңызға ие болатынын атап өтті.