2025 жылғы 25 маусымда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Оңтүстік елдерінің жаһандық озық тәжірибе орталығының (Global South Centre of Excellence, DAKSHIN) бас үйлестірушісі, Дж.Неру атындағы Университеті Халықаралық зерттеулер мектебінің (Нью-Дели) профессоры Гүлшан Сачдевамен онлайн - кездесу өткізді.
2023 жылдың қараша айында негізі қаланған сәттен бастап 1-ші «Жаһандық Оңтүстік дауысы» Саммитінің қорытындысы бойынша «DAKSHIN» Жаһандық Оңтүстік мәселелері бойынша серіктестік желісін құру мақсатында 88 елдегі 149 жетекші талдау орталықтарымен байланыс орнатты. «Үндістан-Орталық Азия» диалогының 4-ші отырысында (Нью-Дели, 2025 жылғы 6 маусым) қол жеткізілген Орталық Азия және Үндістан Сыртқы істер министрлерінің уағдаластықтарына сәйкес тараптар әртүрлі салаларда тәжірибе алмасу үшін «DAKSHIN» орталығымен тығыз ынтымақтастықта болуға тиіс.
Б.Нұрғалиев сұхбаттасушыны ССЗИ қызметінің негізгі бағыттарымен таныстыра отырып, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылық, Орталық Азия мен Оңтүстік Азияның орнықты дамуы мен өзара байланысын қамтамасыз ету, Ауғанстанды өңірлік интеграциялық бірлестіктердің жұмысына тарту мәселелерін қоса алғанда, «DAKSHIN» орталығымен ынтымақтастықтың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, жасыл технологиялар, транзиттік-көліктік жобалар және қоршаған ортаны қорғау сияқты перспективалық салаларын атап өтті.
Онлайн-кездесу барысында өңірдегі ахуал, Үнді-Орталық Азия қатынастарының перспективалары және Қазақстан мен Үндістан арасындағы жан-жақты әріптестік мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Г.Сачдевамен тұрақты байланыста болу туралы келісімге қол жеткізілді.