+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ССЗИ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ МАНАРБЕК ҚАБАЗИЕВ «THE ASTANA TIMES» ҮШІН ҚАЛЫПТАСЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН КӨППОЛЯРЛЫ АРХИТЕКТУРАДАҒЫ ШЫҰ РӨЛІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

2026 жылғы 1 қыркүйекте «The Astana Times» халықаралық басылымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкектегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммитінде сөйлеген сөзіне және Ұйымның әрі қарай даму перспективаларына арналған «Tokayev Calls for Stronger SCO Cooperation as Experts See SCO Emerging as Key Multipolar Platform» аналитикалық материалын жариялады. Материалда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиевтың сараптамалық бағасы ұсынылған.
Сарапшы өз түсініктемесінде 25 жыл ішінде ШЫҰ сенім мен қауіпсіздікті нығайтудың өңірлік тетігінен халықаралық қатынастардың қалыптасып келе жатқан көпполярлы жүйесіндегі саяси диалог пен тәжірибелік ынтымақтастықтың маңызды алаңына айналғанын атап өтті. Егемендік теңдік, мемлекеттердің ұлттық ерекшелігін өзара құрметтеу және есепке алу қағидаттарына негізделген ынтымақтастықтың «еуразиялық моделін» дамытуға ерекше назар аударылды. 
М.Қабазиевтың пікірінше ШЫҰ перспективалары институционалдық қалыптасудан тәжірибелік тиімділікті арттыруға, ең алдымен Еуразияның көліктік және цифрлық байланысын, экономикалық өзара іс-қимыл мен бірлескен жобаларды дамыту арқылы көшумен байланысты.
Сұхбаттың толық мәтіні «The Astana Times» сайтында қолжетімді: https://astanatimes.com/2026/09/tokayev-calls-for-stronger-sco-cooperation-as-experts-see-sco-emerging-as-key-multipolar-platform/