2025 жылғы 1 шілдеде ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев «Өңірлік интеграцияны зерттеу институты» Қоғамдық қоры (ISRI) ұйымдастырған «Цифрлық дипломатия дәуіріндегі ШЫҰ: жаһандық тепе-теңдікке арналған ғылыми бастамалар» тақырыбындағы Халықаралық форумның жұмысына қатысты. Форум көпполярлы әлем жағдайында цифрлық трансформация мен өңірлік кооперация перспективаларын талқылауға арналған бірегей алаңға айналды.
Форум аясында екі панельдік сессия өтті. Біріншісі киберқауіпсіздік, цифрлық егемендік және тұрақтылық мәселелеріне арналды.
Екінші сессияда цифрлық экономикаға, саяси ынтымақтастыққа және аймақтағы ресурстарды басқаруды өзгертуге баса назар аударылды. Цифрлық дипломатия стратегиялары, технологиялық егемендіктің сын-қатерлері және ШЫҰ мен БРИКС цифрлық платформаларының интеграциясы туралы баяндамалар ерекше қызығушылық тудырды.
Қытай, Ресей, Қазақстан және Иран сарапшылары ШЫҰ елдерінің киберкеңістікте қорғаныс шекараларын қалыптастыру және цифрлық дипломатияны сенім құралы ретінде дамыту жөніндегі бірлескен күш-жігерінің маңыздылығын атап өтті.
М.Қабазиев «Қазақстан Республикасының сыртқы саяси тәжірибесінде цифрлық дипломатияны қолдану тиімділігін арттыру жолдары» атты баяндама жасады.