2025 жылғы 12-13 шілдеде ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Амангелді Тәженов Шанхай Саяси және заң университеті жанындағы ШЫҰ үшін халықаралық және құқықтық дайындық және ынтымақтастық орталығы ұйымдастырған «Шанхай рухын» ілгерілету және орнықты дамуға жәрдемдесу» тақырыбындағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Талдау орталықтарының VI форумының жұмысына қатысты.
А. Тәженов «Шанхай ынтымақтастық ұйымының өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдаудағы рөлі» атты баяндама жасады (сөз мәтіні қоса беріледі).
Ағымдағы жылдың күзінде Тяньцзиньде өтетін ШЫҰ мемлекет басшыларының Саммиті қарсаңында өткізілген іс-шара барысында қатысушылар практикалық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ ұйымның оның жауапкершілік шеңберінде қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз етуге қосқан үлесін талқылады.