Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні қарсаңында 2025 жылғы 19 тамызда CCЗИ аға сарапшысы Сергей Савельев «Jibek Joly» телеарнасына сұхбат берді.
С.Савельев Қазақстанның антиядролық қозғалыстағы белсенді рөлі, еліміздің ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы бастамалары туралы айтып, жаһандық қауіпсіздікті нығайту мен ядролық қарусыз әлем құрудағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.