2025 жылғы 9 қазанда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің әскери-саяси өлшемін дамыту жөніндегі «Жанжалдан кейінгі реттеудегі медиацияның рөлі: АӨСШК шеңберінде тәжірибе алмасу және әлеуетті дамыту» атты семинарына қатысты, оның ұйымдастырушылары ҚР Қорғаныс министрлігі мен АӨСШК Хатшылығы болды.
Іс-шараға Қытай, Ресей, Әзербайжан, Үндістан, Иран, Түркия және басқа елдердің дипломаттары мен сарапшылары, сондай-ақ Азиядағы қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын академиялық құрылымдардың өкілдері қатысты.
М.Қабазиев «Медиация саласындағы халықаралық және өңірлік тәжірибені, соның ішінде табысты Медиация кейстерін зерделеу» атты баяндама жасады.