+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ

2025 жылғы 10 қазанда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы ұйымдастырған «Қазіргі заманғы сын-қатерлер аясында ұлттық және өңірлік қауіпсіздік» III Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысты.
Іс-шараға Қарулы Күштердің, басқа да күш құрылымдарының, Парламенттің, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, шет мемлекеттердің әскери атташелері, қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысты.
Конференцияны «Аймақтық қауіпсіздік тетіктері: қазіргі жағдайдағы халықаралық ұйымдардың тиімділігі», «Трансшекаралық тәуекелдер жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету: экологиялық, экономикалық және инфрақұрылымдық сын-қатерлер» және «Әскери істегі заманауи технологиялар: жасанды интеллект, пилотсыз және роботты кешендер» атты үш тақырыптық блок қамтыды.
Пленарлық отырыстар барысында стратегиялық тұрақтылық, қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі технологиялар мен ақпараттық кеңістіктің рөлі, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың перспективалары мәселелері қаралды. Ұлттық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған тәжірибелік ұсынымдарды әзірлеу үшін сараптамалық диалогтың маңыздылығы атап өтілді.
М. Қабазиев «Халықаралық ұйымдардың мәлімделген мақсаттары мен іс жүзіндегі әрекет ету тетіктері шеңберіндегі өзара іс-қимылдың мәселелері мен перспективалары» атты баяндама жасады.