2025 жылғы 15 қазанда Сыртқы саяси зерттеулер институтының Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, ИИР СІМ жанындағы Саяси және халықаралық зерттеулер институтының (СХЗИ) президенті Саид Хатибзадемен Астана форумы аясында кездесті. Қазақстан-Иран саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық өзара іс-қимылының жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Сұхбаттасушылар екі ел арасындағы серіктестіктің оң динамикасын және олардың әртүрлі ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге деген өзара көзқарасын атап өтті.
Қазақстандық және ирандық талдау орталықтарының басшылары 2022 жылы қол қойылған ССЗИ мен СХЗИ арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум негізінде бірлескен жұмыстың нақты жоспарларын белгіледі.