2025 жылғы 7 және 10 қарашада ССЗИ сарапшысы Алмат Тоекин Әзербайжанның Қоғамдық телеарнасына (ITV Xəbər) және «News.az» Әзербайжан ақпараттық агенттігіне Вашингтонда өткен «Орталық Азия – АҚШ» саммиті аясында сұхбат және түсініктеме берді.
А.Тоекин өткен саммиттің экономикалық және геосаяси аспектілерін, Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы Транскаспий халықаралық көлік маршрутының өсіп келе жатқан рөлін, сондай-ақ Әзербайжанның «С5+АҚШ» форматтарындағы маңыздылығын және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуін қозғады.
(Сұхбат сілтемелері: https://www.youtube.com/watch?v=fCEljB8sZ1Y
https://news.az/news/-washington-eyes-the-heart-of-eurasia-transport-minerals-and-influence-at-stake )
