2025 жылғы 27 қарашада Институт сарапшысы Гүлден Қасқарбаева ҚР-дағы ҚХР Елшілігі мен «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен «Пекин+30: әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін Қытай-Қазақстан серіктестігі» семинарына қатысты.
Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, талдау орталықтары мен жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысып, гендерлік теңдік саласындағы жетістіктер мен сын-қатерлерді, әйелдердің саясатқа, экономикаға және қоғамға қатысуын кеңейту бойынша үздік тәжірибелерді, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты талқылады.

