+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Швейцарияның Гуманитарлық диалог орталығы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою

2025 жылғы 2 желтоқсанда Бернде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың ресми сапары барысында ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Швейцарияның Гуманитарлық диалог орталығы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 
Қазақстан тарапынан Меморандумға ҚР Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Саржанов қол қойды. Швейцария тарапынан Гуманитарлық диалог орталығының атқарушы директоры Дэвид Харланд қол қойды. 
Бұл Меморандум өзара қызығушылық тудыратын салаларда бірлескен жобалар мен ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған.