2025 жылғы 9 желтоқсанда Қытай тарапының бастамасымен ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиевтің Қазақстандағы ҚХР Елшісі Хань Чунлинмен кездесуі өтті.
Кездесу барысында ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия-Қытай» форматындағы ынтымақтастық перспективаларын қоса алғанда, Қазақстан – Қытай қатынастарын одан әрі нығайту және өзекті халықаралық және өңірлік күн тәртібі мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.
Атап айтқанда, Б.Нұрғалиев халықаралық ахуал бойынша бағалауларымен бөлісті, 2025 жыл ішіндегі қазақстандық дипломатияның негізгі жетістіктерін сипаттады және алдағы жылы Институт қызметінің басым бағыттарын белгіледі.
Өз тарапынан Елші Хан Чунлин ҚХР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның сыртқы және ішкі саясатының басымдықтарына шолу жасады, Бейжіңде Қазақстанмен және басқа да Орталық Азия республикаларымен тең құқықты және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға жасалып жатқан ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

