2026 жылғы 9 қазанда Сыртқы саяси зерттеулер институтының сарапшылары Сергей Савельев пен Гүлден Қасқарбаева «Casa Politica» компаниясының директоры, «Monitor da Democracia» институтының президенті Марсио Коимбрамен кездесті.
Кездесу барысында Сергей Савельев ССЗИ-дің мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыртқы саяси басымдықтары туралы ақпарат берді.
Тараптар Қазақстан мен Бразилия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимылды одан әрі дамыту және тұрақты байланыстарды қолдау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

