+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Исламабад саяси зерттеулер институтының басшылығымен кездесу

2025 жылғы 29 желтоқсанда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев онлайн форматта Исламабад саяси зерттеулер институты президентінің міндетін атқарушы Рашид Вали Джанжуамен және қызметкерлерімен кездесу өткізді.
2021 жылғы желтоқсанда қол қойылған екі институт арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде Орталық және Оңтүстік Азияның өңірлік өзара байланысы мәселелерін қоса алғанда, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасу өтті. Қазақстан-Пәкістан қатынастарының жай-күйі мен перспективалары, ықтимал перспективалық жобалар, оның ішінде өзара қызығушылық тудыратын проблемалар бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу талқыланды. 
Өзара іс-қимылды одан әрі дамыту және институттар арасындағы тұрақты байланыстарды қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.