2026 жылғы 29 қаңтарда Астана қаласында CСЗИ сарапшысылары Қайрат Нұртазин және Алмат Тоекин ҚР-дағы Өзбекстан Республикасы Елшілігінің ғимаратында өткен «Өзбекстан 2030 стратегиясы және мемлекеттік даму модельдері: Өзбекстан мен Қазақстан тәжірибесі» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Іс-шара барысында Қазақстан мен Өзбекстанда жүргізіліп жатқан демократиялық және экономикалық реформаларға, олардың одақтастық қатынастарды нығайтудағы және екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудағы, сондай-ақ Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөліне қатысты пікір алмасу болды.

