2026 жылғы 4 ақпанда Исламабадта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары барысында ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Пәкістан Ислам Республикасы СІМ жанындағы Исламабад стратегиялық зерттеулер институты арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстан тарапынан Меморандумға ҚР Пәкістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қыстафин қол қойды. Пәкістан тарапынан Исламабад стратегиялық зерттеулер институтының бас директоры Сохаил Махмуд қол қойды.
Бұл Меморандум өзара қызығушылық тудыратын салаларда бірлескен жобалар мен ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған.
