+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«EURONEWS» АГЕНТТІГІНЕ СҰХБАТ

2026 жылғы 6 ақпанда «Euronews» ақпараттық агенттігінің сайтында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапарына орайластырылған ағылшын тіліндегі мақала жарияланды, онда Сыртқы саяси зерттеулер институты Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиевтың Қазақстан-Пәкістан қатынастарының қазіргі жағдайы мен дамуының перспективалық бағыттары туралы түсіндірмелері келтірілген.
Сұхбатта екіжақты диалогтың стратегиялық сипаты, сондай-ақ сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықтың өсіп келе жатқан маңызы атап көрсетілген. Каспий теңізі мен Ауғанстан аумағы арқылы өтетін маршруттарды қоса алғанда, Орталық және Оңтүстік Азияны байланыстыратын жаңа транзиттік дәліздерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды, бұл Өңірлік байланыс пен сыртқы экономикалық байланыстардың орнықтылығын арттырудың маңызды факторы ретінде қарастырылады.
(Сұхбат сілтемесі: https://www.euronews.com/2026/02/06/kazakhstans-tokayev-visits-pakistan-to-deepen-strategic-partnership ).