2026 жылғы 6 ақпанда Cыртқы саяси зерттеулер институтының аға сарапшысы Сергей Савельев Қазақстан Пагуош комитетінің 9-шы отырысына қатысты, оның барысында Комитет қызметінің ағымдағы мәселелері, сондай-ақ ядролық қарусыздану мен таратпаудың жаһандық процестерінің жекелеген аспектілері қаралды.
Отырыс аясында Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті Қ.Құрманалиевтің «Қазақстан Республикасының жаңа конституциясының жобасы туралы» баяндамасы тыңдалды. ҚР Пагуош комитетінің мүшелері елдің жаңа Негізгі заңын қабылдау туралы ұсынысты бірауыздан қолдады.
