+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Дипломатиялық қызметкер күніне орай салтанатты қабылдау туралы

2026 жылғы 11 ақпанда Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Дипломатиялық қызметкер күніне орай салтанатты қабылдау өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі басшылығының өкілдері, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшылары мен қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ ресейлік дипломаттар мен қазақстандық қоғам қайраткерлері қатысты.
Қабылдау аясында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі С.В.Лавровтың дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне арналған бейне құттықтауы көрсетілді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін қазақстандық дипломаттарды марапаттау рәсіміне ерекше назар аударылды.
ҚР СІМ жанындағы Cыртқы саяси зерттеулер институты Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев және ҚР СІМ ТМД елдері Бірінші департаменті директорының орынбасары Талғат Ибрай Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің «Өзара іс-қимыл үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Іс-шараны өткізу сыртқы саясат саласындағы ведомствоаралық диалогты қолдауға және дамытуға бағытталған хаттамалық іс-шаралардың бір бөлігіне айналды.