2026 жылғы 18 ақпанда ССЗИ сарапшылары Валерий Ситенко мен Гүлден Қасқарбаева онлайн форматта Швейцариялық Гуманитарлық диалог орталығының (HD) Еуразия бойынша өңірлік директордың орынбасары Клаудио Хабихтпен және HD қызметкері Диана Алпысбаевамен кездесу өткізді.
2025 жылғы желтоқсанда қол қойылған екі мекеме арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум аясында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасу өтті. Атап айтқанда, бірлескен зерттеу тақырыптары, жарияланымдар алмасу және екіжақты сапарларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимылды одан әрі дамыту және тұрақты байланыстарды қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
