+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИРАН ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСУ

2026 жылғы 3 наурызда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Амангелді Тәженовтің Қазақстандағы Иран Елшісі Али Акбар Джоукармен кездесуі өтті. Иран тарапынан ҚР-дағы ИИР елшілігінің үшінші хатшысы Дараби Дарестани мен аудармашы Е. Шаймерденов, Институт тарапынан – аға сарапшы Қ. Нұртазин, сарапшылар А. Тоекин және Н. Өмірбек қатысты. 
Кездесу барысында Елші Али Акбар Джоукар ИИР төңірегіндегі жағдайдың дамуы туралы ақпарат беріп, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша Иран тарапының ұстанымдарын жеткізді. Сонымен қатар, Қазақстан мен Иранның ғылыми-зерттеу және талдамалық институттары арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға қызығушылық білдірілді.