+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Ресейлік сарапшылармен кездесу

2026 жылғы 20 наурызда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Амангелді Тәженов пен Институт қызметкерлері А.М.Горчаков атындағы жариялы дипломатияны қолдау қорының делегациясымен кездесу өткізді.
Іс-шараға Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің, «Экономика Жоғары Мектебі» Ұлттық зерттеу университеті, Ресей ғылым академиясы ӘЭХҚИ, Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қорының, сондай-ақ РҒА Шығыстану институтының сарапшылары қатысты.
Кездесу барысында халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері мен Қазақстан–Ресей ынтымақтастығының негізгі бағыттары бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті. Тараптар экономика, саясат және қауіпсіздік салаларындағы Қазақстан мен Ресейдің өзара күтулерін талқылады.