+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Қазақстандағы Өзбекстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісімен кездесу

2026 жылғы 14 сәуірде ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев өзбек тарапының бастамасымен Қазақстандағы Өзбекстан Республикасы Елшілігінің Саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Азиз Насировпен кездесу өткізді.
М.Қабазиев өңірлік ынтымақтастық мәселелерін кешенді зерделеу бойынша жүргізіліп жатқан талдамалық жұмыстарға назар аудара отырып, Сыртқы саяси зерттеулер институтының ағымдағы қызметі туралы хабардар етті.
Кездесу барысында екіжақты форматта да, халықаралық ұйымдар шеңберінде де Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы пікір алмасылды. Басым салалардағы тәжірибелік өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.
Бірлескен әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асыруда тұрақты оң динамика атап өтілді. Қазақстан мен Өзбекстанның Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздікті, орнықты даму мен интеграциялық процестерді ілгерілетудегі басты рөлі атап өтілді.