+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ССЗИ МЕН ҚЫТАЙДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ САРАПТАМАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУДЕ

2026 жылғы 19 қазанда Бейжің қаласында Сыртқы саяси зерттеулер институты Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиевтың Қытай халықаралық зерттеулер институтының (China Institute of International Studies, CIIS) басшылығымен кездесуі өтті.
Тараптар Қазақстан-Қытай сараптамалық-талдамалық ынтымақтастығын дамыту перспективаларын, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ бірлескен зерттеу бастамаларын іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тұрақты сараптамалық байланыстарды дамытуды, бірлескен зерттеулер жүргізуді, ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастыруды, сарапшылар мен жарияланымдармен алмасуды, сондай-ақ бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын іске асыруды көздейтін ССЗИ мен ҚХЗИ арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандумға қол қою Қазақстан мен Қытайдың жетекші талдау орталықтары арасындағы ұзақ мерзімді өзара іс-қимылдың институционалдық негізін қалыптастыруға, екіжақты сараптамалық диалогты нығайтуға және ССЗИ халықаралық ғылыми-талдамалық ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған.