+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«YEREVAN DIALOGUE» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУ

2026 жылғы 5-6 мамырда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Армения Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен «Yerevan Dialogue 2026» халықаралық форумына қатысты.
Форум мемлекеттік құрылымдардың, дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың, сараптамалық-талдау орталықтарының және академиялық қоғамдастықтың өкілдерін қазіргі заманғы халықаралық және өңірлік күн тәртібінің негізгі мәселелерін талқылау үшін біріктірді.
Іс-шара шеңберінде жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің, халықаралық тәртіпті трансформациялаудың, көліктік-логистикалық өзара байланысты нығайтудың, цифрлық технологияларды, технологиялық бәсекелестікті дамытудың, сондай-ақ күшейіп келе жатқан геосаяси турбуленттілік жағдайында орнықты дамуды ілгерілетудің өзекті мәселелері қаралды.
Форум барысында халықаралық қауіпсіздік мәселелері, Еуразиялық кеңістікті дамытудың қазіргі заманғы үрдістері, сондай-ақ Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінің өзара іс-қимыл перспективалары бойынша шетелдік сарапшылармен және талдамалық құрылымдардың өкілдерімен пікір алмасу өткізілді.