+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«BAQ.KZ» АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫНА СҰХБАТ

2026 жылғы 28 мамыр «BAQ.KZ» ақпараттық порталы Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етуінің басымдықтарына және Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен Еуразиялық экономикалық форумның отырысын өткізуге арналған «ЕАЭО-жаңа экономикалық күн тәртібі: Қазақстан не ұсынады?» атты аналитикалық материал жариялады.
Басылымда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиевтың еуразиялық интеграцияны, цифрлық трансформацияны, көліктік-логистикалық өзара байланысты дамыту және ЕАЭО-ның жаңа экономикалық күн тәртібін қалыптастыру мәселелері бойынша сараптамалық түсініктемелері ұсынылған.
Материалда Қазақстанның төрағалық ету кезеңінде цифрлық трансформация, жасанды интеллектті дамыту, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту және өнеркәсіптік кооперацияны нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылатыны атап көрсетілген. «ЕАЭО жаһандық цифрлық жарыста: жасанды интеллектке басымдық беру» атты Еуразиялық экономикалық форум тақырыбының маңыздылығы атап өтілді 
М.Қабазиевтың пікірінше, Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен Еуразиялық экономикалық форумның отырысын өткізу Қазақстанның еуразиялық интеграция мен өңірлік экономикалық диалогтың негізгі орталықтарының бірі ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін растайды.

(Сұхбат сілтемесі: https://baq.kz/eaeo-nyn-zhana-ekonomikalyq-kun-tartibi-qazaqstan-ne-usynady-320028624/ ).