2026 жылғы 2 маусымда «Казахстанская правда» газетінде ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиевтың «Стратегиялық сенім және прагматикалық әріптестік» атты талдамалық мақаласы жарияланды.
Басылым 2026 жылғы 27-29 мамырда өткен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындыларына арналған.
Мақалада бұл сапар Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық сенім мен одақтастық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін растады. Екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың ұзақ мерзімді бағдарларын айқындайтын Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы мен тату көршілігінің жеті негізі туралы бірлескен мәлімдеме қабылдауға ерекше назар аударылды.
Автор Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі күн тәртібі неғұрлым кешенді болып, өнеркәсіптік кооперацияны, көліктік-логистикалық өзара байланысты, цифрландыруды, энергетиканы, білім беруді және ғылыми-технологиялық дамуды қамтитынын атап көрсетеді.
М.Қабазиевтың пікірінше, Ресеймен стратегиялық әріптестікті нығайту Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сай келеді, елдің экономикалық тұрақтылығын арттыруға, транзиттік әлеуетті дамытуға және Үлкен Еуразия кеңістігінде ынтымақтастық үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал етеді.
Мақаланың толық мәтіні сілтеме арқылы қол жетімді:
https://kazpravda.kz/n/strategicheskoe-doverie-i-pragmatichnoe-partnerstvo/