+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Қазақстан Республикасындағы Біріккен ядролық зерттеулер институтының күндері» конференциясына қатысу туралы

2026 жылғы 2 маусымда Астанада Сыртқы саяси зерттеулер институтының аға сарапшысы Сергей Савельев «Қазақстан Республикасындағы Біріккен ядролық зерттеулер институтының күндері» конференциясына қатысты. Ядролық саладағы ынтымақтастық мәселелері, зерттеулер мен кадрлар даярлаудың жаңа перспективалық бағыттары талқыланды.
Іс-шараға Қазақстанның мемлекеттік органдары мен ғылыми қоғамдастығының басшылары, сондай-ақ Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Жапония және Оңтүстік Африка делегациялары қатысты. ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев арнайы сөз сөйледі.