+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Жэньмин хуабао» баспасының өкілдерімен кездесу

2026 жылғы 9 маусымда Сыртқы саяси зерттеулер институты Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев ҚХР-ның Шет тілдеріндегі әдебиеттерді басып шығару және тарату істері басқармасының жанындағы Еуропа мен Азияға хабар тарату орталығының («Жэньмин хуабао» баспасы) делегациясымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Жэньмин хуабао» баспасының Халықаралық алмасу бөлімі директорының орынбасары Чен Янь «Си Цзиньпин мемлекеттік басқару туралы» кітабының бесінші томын ұсынды. Басылым жаңа дәуірдің қытайлық ерекшелігімен социализм идеяларын дамытудағы заманауи жетістіктерді көрсетеді, Қытай стиліндегі модернизацияның ерекшеліктері мен тәжірибелік тетіктерін ашады, сонымен қатар Қытайдың әлеуметтік-экономикалық даму тәжірибесін зерттеуге қызығушылық тудыратын материалдарды қамтиды.
Тараптар сондай-ақ гуманитарлық саладағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының, ШЫҰ, «Орталық Азия-Қытай» форматындағы өзара іс-қимылдың, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асырудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың шілдесіне жоспарланған аталған басылымның тұсаукесерін дайындау шеңберінде одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.