+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПТАМАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУ

2026 жылғы 16 маусымда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев онлайн-форматта Ганьсу провинциясының Қоғамдық ғылымдар академиясы (ҚХР) және Өңірлік интеграцияны зерттеу институты ұйымдастырған «Жаһандық тұрақсыздық жағдайындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы: кедергілер, тәуекелдер және дамудың жаңа тетіктері» тақырыбындағы халықаралық сараптамалық семинардың жұмысына қатысты.
Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың жетекші ғылыми-сараптамалық және талдамалық топтарының өкілдері қатысты.
Семинар барысында көліктік-логистикалық өзара байланыс және Еуразияның негізгі транзиттік торабы ретіндегі Қазақстанның өсіп келе жатқан рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту Азия мен Еуропа арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың орнықтылығын нығайтуға ықпал ететіні, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты тереңдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді.
М.Қабазиев «Қазақстан мен Қытай әлемдік тәртіпті трансформациялау жағдайында: даму стратегияларын ұштастыру және еуразиялық тұрақтылықты нығайту» атты баяндама жасады.
Семинар қатысушылары заманауи жаһандық сын-қатерлер жағдайында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық және ғылыми-сараптамалық салалардағы өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін дамыту перспективаларын талқылады.