2026 жылдың 16 маусымында ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсіміне қатысты.
Іс-шараға дипломатиялық корпустың, мемлекеттік органдардың өкілдері, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ ата-аналар мен түлектер қатысты. Ағымдағы жылы жоғары білім туралы дипломдарды халықаралық қатынастар факультетінің 311 түлегі алды, оның ішінде «Аймақтану», «Саясаттану», «Шығыстану», «Халықаралық қатынастар», «Түркология» және «Этнополитология» білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған 229 бакалавр және 82 магистрант.
Түлектер алдында сөз сөйлеген М.Қабазиев жас мамандарды оқудың сәтті аяқталуымен құттықтап, қарқынды өзгеріп жатқан халықаралық жағдай жағдайында терең білімі, стратегиялық ойлауы және халықаралық аренада Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін тиімді қорғап, ілгерілету қабілеті бар жоғары білікті кадрлардың ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Сөз соңында ол түлектерге кәсіби табыстар, жаңа жетістіктер және белгіленген мақсаттарының жүзеге асуын тіледі, сонымен қатар жас мамандар буыны Қазақстанның халықаралық аренадағы ұстанымын одан әрі нығайтуға және отандық дипломатияны дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)