+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ҚР СІМ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МИНИСТРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТ БАСЫМДЫҚТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

2026 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспанның төрағалығымен ҚР СІМ қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшылығы, сараптамалық қоғамдастық пен ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысты. Сыртқы саяси зерттеулер институтынан Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев болды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаевтың Министрліктің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары туралы баяндамасы болды. Өз сөзінде    елдің сыртқы саяси бағытын іске асырудың негізгі нәтижелерін ұсынды, халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша қол жеткізілген көрсеткіштер туралы хабардар етті, сондай-ақ Министрліктің 2026 жылға арналған басым міндеттері мен жоспарларын белгіледі.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының өзекті мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Қатысушылар Қоғамдық кеңестің қызметін одан әрі жетілдіру, сыртқы саяси ведомствоның депутаттық корпуспен, сараптамалық қоғамдастықпен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылын нығайту перспективаларын талқылады.