2026 жылғы 24 шілдеде «The Astana Times» халықаралық басылымы Чолпон-Ата қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесі отырысының қорытындысы мен Бішкек қаласында өтетін ШЫҰ мемлекет басшыларының алдағы саммитіне дайындық басымдықтарына арналған материалды жариялады. Басылымда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиевтің түсініктемесі ұсынылды.
Сарапшы өз түсініктемесінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы сапалы трансформация кезеңінен өтіп жатқанын атап өтті. Егер бастапқы кезеңде бірлестіктің негізгі міндеттері сенімді нығайту және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылса, бүгінде оның күн тәртібі сауда-экономикалық ынтымақтастық, көліктік-логистикалық өзара байланыс, цифрландыру, энергетика, азық-түлік қауіпсіздігі және технологиялық даму мәселелерін қамти отырып, айтарлықтай кеңейді.
М. Қабазиев Ұйым қызметінің тәжірибелік құрамдас бөлігінің өсіп келе жатқан маңыздылығына ерекше назар аударды. Оның пікірінше, бірлескен жобаларды іске асыруға көшу мүше мемлекеттер үшін көлік инфрақұрылымын, цифрлық логистиканы және өңірлік өндірістік тізбектерді дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашады.
Сондай-ақ, сарапшы Қазақстан үшін болып жатқан өзгерістердің стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті. Өзінің географиялық жағдайы мен Еуразияның негізгі транзиттік тораптарының бірі мәртебесінің арқасында республика көліктік өзара байланысты, цифрлық логистиканы және қосылған құнды құрудың өңірлік тізбегін дамытуға бағытталған жобалардың басты бенефициарларының біріне айналуда.
Материалдың толық нұсқасымен «The Astana Times» сайтында танысуға болады: https://astanatimes.com/2026/07/kazakh-fm-urges-more-practical-sco-as-global-turbulence-reshapes-regional-priorities/ .
.png)
.png)