+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Терроризмнің жаңа сын-қатерлеріне ден қою: мемлекеттердің жауапкершілігін нығайту және халықаралық күш-жігерді шоғырландыру» атты халықаралық семинар

2026 жылғы 3–5 тамыз аралығында Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Қытайдың шекара маңы аудандарын зерттеу институтының шақыруымен ССЗИ сарапшысы Ержан Қалекенов «Терроризмнің жаңа сын-қатерлеріне ден қою: мемлекеттердің жауапкершілігін нығайту және халықаралық күш-жігерді шоғырландыру» атты халықаралық семинарға қатысты. Іс-шараны ҚХР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Халық үкіметінің Сыртқы істер басқармасы мен Дүниежүзілік мұсылман қауымдастықтарының кеңесі (БАӘ) ұйымдастырды.
Іс-шараға ҚХР Сыртқы істер министрлігінің, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының, Қытайдың талдау және зерттеу орталықтары мен университеттерінің өкілдері, сондай-ақ 21 ел мен аймақтық ұйымдардан (соның ішінде ШЫҰ, Африка одағы) келген 100-ден астам делегат қатысты.
Е.Қалекенов «Геосаяси қақтығыстар жағдайындағы аймақтық сын-қатерлер және терроризмге қарсы күрес шаралары» атты панельдік сессияда баяндама жасап, онда Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің терроризмге қарсы күрес бағытындағы күш-жігеріне ерекше назар аударды.