+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Өңірдегі өзекті мәселе: Трансшекаралық су ресурстары

Су – планета мен адамзат өміріндегі ең құнды ресурс. Орталық Азия үшін бұл ресурсты өңірді біртұтас жүйе ретінде қалыптастыратын маңызды табиғи-гео¬графиялық фактор деп айтуға болады. Тарихта кезінде Окс және Яксарт деген атпен белгілі болған қазіргі Әмудария және Сырдария өзендерінің бассейндері бұл өңірдегі ертеде әртүрлі мемлекеттердің пайда болып, әрі қарай дамуында ма¬ңызды рөл атқарды, осы жердегі елдердің тарихи және мәдени ортақ сипатын орнатып, жергілікті экономиканың ерекшеліктеріне әсер етті. Тау бөктері, осы ірі өзендердің алқаптары мен айналасындағы тіршілікке қолайлы жағдай алғаш¬қы адам қауымы кезеңінде отырықшы егіншіліктің пайда болуына себеп болды.

Барлық ежелгі өркениеттің тарихында болғандай, бастапқыда егістік жерлеріне өзендердің табиғи су тасуын пайдаланылған. Уақыт өте келе суару технологиялары едәуір жетілдірілген. Аймақтың өзендері Ұлы даланың көш¬пелі халықтары мен егіншілік өрке¬ниеті¬нің арасындағы табиғи шекара бола отырып, саяси рөл атқарып отырған. Ал біздің ата-бабаларымыз оларды бірлесіп пайдалану мәселесінде әрқашан ортақ шешімге, келісімге келген. Суармалы егіншіліктің ұлғаюымен қатар суға қатысты қарым-қатынастарын реттеу жүйесі де жетілдіріліп, оның өзінің дәстүрлері мен ережелері пайда болды.

Бұл орайда өлкеміздегі Мұраптар институтының қалыптасуы ерекше орын алады. Мұрап деген кәсіби ұғым – ол егін суару ісін басқаратын адам, яғни тоған басы немесе суды егістікке бөлетін, арық, атыз, тоғанды жөндеу жұмыстарын жүргізетін маманды атайды. Баршаға аян, бұл – көп деңгейлі кәсіби жүйе. Оны сол замандағы мемлекеттік қызметте болған және ол үшін жалақы алып отырған жоғарғы мұраптар басқарған. Олар магистралдық каналдардың жұмысына жетекшілік етіп, жобалау мен басқа инженерлік жұмыстармен айналысқан. Жергілікті мұраптарға суару мерзімдері мен оның кезектілігін, каналдарды тазарту, ирригациялық құрылыстарды жөндеу және қалпына келтіру жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қоса алғанда, халықпен жұмыс жүргізу секілді шаралар жүктелген еді.
Кеңес Одағы кезінде Орталық Азия мем¬ле¬кеттері су ресурстарын неғұр¬лым қарқынды пайдалану жолына түсті. Содан кейін гидроресурстардың көп¬жыл¬дық және маусымдық реттеуіне арнал¬ған ең үлкен су қоймалары құры¬лып, 100-ге жуық су торабы, ұзақ қа¬шық¬тықтағы ондаған магистралдық арна және суару желісіндегі мыңдаған гидро-құрылыс салынды. Бұл жайт аймақтық экономиканың салаларын айтарлықтай өзгертті, Кеңес Одағының даму қарқы¬нына сүбелі үлес қосты. Алайда суармалы егіншіліктің экстенсивті түрі бұл жерде экологиялық апатқа әкелді. Атүсті іске асырылған суару жобалары мен олақ ше¬шімдер Әмудария және Сырдария өзен¬дері бассейндерінің экологиялық жү¬йесі¬нің бұзылуына себепші болды. Соның кесірінен бір кездері әлемдегі төртінші үлкен көл болып саналған Арал теңізінің жағдайы мүшкіл халге жетті. Аралдың тұрақты экологиялық тепе-теңдікті сақтау мен өңірдегі климат қалыптастырушы ретіндегі маңызы күрт төмендеді.
Егер цифрлармен айтатын болсақ, статис¬тика көрсеткендей 1961 жылдан бас¬тап, Орталық Азия елдеріндегі суармалы же𬬬лердің аумағы 4,5 млн гектардан 7 млн гектарға дейін ұлғайған, Арал теңізі бас¬сейніндегі су алу жиынтығы жылына 60-тан 116 текше метрге дейін өсті. Арал¬ға судың жылдық ағылып келуі 55-тен 10 текше метрге дейін азайды.
Ал осы уақыт ішіндегі теңіздің аумағы 69-дан 7-9 мың шаршы метрге дейін он есе азай¬ған. Осы жердегі судың тұздығы бас¬тап¬қы деңгейден 15-20 есе асып кеткен.
1980-жылдары суы аз болған жыл¬дар¬¬дың ұзаққа созылған мезгіліне бай¬ланыс¬¬ты Орталық Азия елдері арасын¬дағы сумен қамтамасыз ету жағдайы¬ның қиындап кеткенін атап өткен жөн. 1987 жылы су ресурстарын республикалар арасында бөлу, су тарту құрылыстары мен су тораптарын пайдалану жөніндегі одақтық бағыныстағы Сырдария және Әмудария бассейндік басқармалары құрылды. Экономика салаларының даму қарқынын нақтылау мақсатында Әмудария және Сырдария өзендері бассейндерінің су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемалары әзірленген. Онда бүгінгі күнге де жарамды болып келген Орталық Азияда су пайдалану лимиттері айқындалды. Бұл жұмысқа ортаазиялық ғылыми және жобалау институттары тартылғандықтан, су мамандары арасында бірлескен жұмыс жүргізу мен ымыралы шешімдер қабылдауға ықпал жасап отырған.
Кеңес дәуіріндегі жоспарлау кезінде суармалы егіншіліктен Арал теңізінің бүкіл экологиялық жүйесіне төнетін қауіп-қатерлердің ескерілгенін, оның тая第дануына жол бермеу үшін суды бас¬сейн¬а¬ралық қайта бөлу көзделгенін атап өту қажет. Сол уақытта бұл мәсе¬ленің әр¬түр¬лі бағыттары зерттелген. Мысалы, Сібір өзендері ағынының бір бөлігін (10%-дан аспайды) осы жаққа бағыттау жос¬пар¬ланған. Жоба ауқымды ғылыми негізге сүйенген, ал оның әзірленуіне көптеген ғылыми-зерттеу ұйымы тартылды.
Кеңес Одағы бүкіл су ресурстарының 90%-ы суық, батпақты әрі халық аз мекен¬деген Солтүстік пен Шығыста орна¬ласқаны ескерілді. Сонымен қатар елдің солтүстік бөлігіндегі батпақтарды жаппай құрғату орман химиясы мен целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің жаңа базасын құра алатын еді. Сібірдің оң¬түс¬тігі, Қазақстанда және Орталық Азия¬¬¬ның қалған бөлігінде Сібір өзен¬дері ағы¬нының бір бөлігін бұру жоғары өнім беретін егіншілік пен мал шаруа¬шы¬¬лығын одан әрі қарай дамыту мақ¬сатында жоспарланған еді.
Сібір өзендерінің орасан зор «бұрылуы» бұрын, ерте заманда болған ауқым¬ды табиғи құбылыстардың қайта¬лануы ретінде болар еді. Қолда бар мәлі¬меттер бойынша шамамен 10 мың жыл бұрын, Мұз дәуірінде Сібір өзендерінің сулары солтүстікте өз арналарында мұз бөгеті түрінде кедергілерге тап болып, оңтүстікке қарай бет алған. Осылайша, олар Тұран жазығы арқылы Арал, Атырау және тіпті Қара теңіз бассейндерін сумен молынан толықтырды.
Кеңес Одағы ыдырағандық¬тан бұл жоба тек қағаз жүзінде қалды. Сөйтіп бір кездері біртұтас мемлекеттің ішкі сулары трансшекаралық сипатқа ие болды.
Қалай болғанда да, кеңестік заманда су-энергетикалық ынтымақтастықтың нақты экономикалық механизмі жұ¬мыс істеген еді. Ол гидроэнергетика мен суару мүдделері үшін су ағынын рет¬теу¬дің әртүрлі режімдерін жасауға мүм¬кіндік берген. Гидроэнергетика жаз¬да судың жиналуына және оны қыс¬та (энергия тапшылығы кезеңінде) пай¬да¬лануға мүдделі. Ал суару саласы, керісінше, қыс айларында судың жи¬налуымен және жазда вегетациялық кезең¬де оны кеңінен қолданумен байланысты болады. Іс жүзінде мұның бәрі өңірлік модельде іске асырылған. Соған сәйкес Қазақстан мен Өзбекстан қыс¬тыгүні электр энергиясының қажетті көле¬мін өндіру үшін Қырғызстанның Жылу электр орталықтарына энергия тасымал¬дағыштарды жеткізіп отыр¬ған. Тоқтағұл су қоймасы өндірісті қысқартып, су жинаған. Осылайша, көпжылдық реттеу функциясын атқарып отырған. Жазда бұл су қоймасы суармалы жерлерді су¬мен қамтамасыз еткен. Бұл ретте Қыр¬ғызстан үшін артық өндірілетін электр энергиясын Қазақстан мен Өзбек¬стан тұтынған, сол арқылы қыста жеткізі¬летін энергия ресурстары үшін есеп жүргізілген.
Алайда 1990-жылдары Орталық Азия елдері түрлі себептерге орай өздері¬нің экономикалық саясаттарын қайта қарады, бұл сәйкесінше оның өтем төлеу тетігі қалыптасқан су-энергетика сек¬торына да едәуір әсер етті. Ол кезде аймақ¬тағы энергияның бағасы әлемдік нарық деңгейіне көтеріліп, судың жоғар¬ғы жағында орналасқан мемлекеттер қысқы кезеңде су электр энергиясын өн¬діруді ұлғайтуға көшті. Нәтижесінде, су қоймаларының бұрынғы жұмыс режімі суландырудан энергетикаға ойысты.
Сонымен қатар Кеңес Одағы ке¬зеңін¬де су ресурстарын бөлу ерек¬ше-лігі 1990-жылдардан бастап, транс¬шека¬ралық сипатқа ие болды және мем-ле¬кетаралық қарым-қатынастар сала¬сының бір бөлігіне айналды. Мұның бәрі саладағы кешенді мәселелерді шешу тәсілдерінің ерекшеліктерін түр-лендірді. Орталық Азия республикалары трансшекаралық су режімдерін рет¬теудегі даулар мен қарама-қарсы ұлт¬тық ұстанымдардан бастап, біртіндеп ымы¬раға келу және дәйекті келіссөз жүргізу секілді қадамдарға жүгінді.
1990-жылдардан бастап, түрлі өңірлік бастамаларды енгізу барысында Орталық Азияның су-энергетикалық ресурстарын бірлесіп басқару саласында бірқатар екіжақты және көпжақты құжаттарға қол қойылды. Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ), Су шаруашылығының мемлекетаралық үйлестіруші комиссиясы (СШМҮК), Орнықты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссия (ОДМК) құрылып, сондай-ақ Арал теңізінің бассейні бойынша тиісті бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Осының бәрі Арал бассейні аясын¬дағы елдердің арасындағы диалог пен ын¬ты¬мақтастықты нығайтудың ма¬ңы第ды факторына айналған. Халық-арବлық қоғамдастық қомақты қаржы¬лық және техникалық көмек көрсетті. Ат¬қа¬рылған жұмыс аз емес. Су ресурс¬тарын басқарудың бірыңғай орталық¬тан¬дырылған жүйесі құлағаннан кейін ХАҚҚ пен СШМҮК ауыр салдардың алдын алуда табысты рөл атқарды. Сонымен бірге жасалынған жұмыстың үлкен көлеміне қарамастан, бүгінде осы өңірлік ұйымдардың қызметі бар¬лық ортаазиялық елдердің қазіргі мүд¬де¬леріне сәйкес бейімдеуді талап етеді.
Біздің өңірдегі су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режімін реттеу жөніндегі стратегия тек ұлттық шеңберде ғана қарастырылмауы керек. Сонымен қатар ортақ мүдделерді ескеру қажет. Бұл қағидат Орталық Азия елдерінің барлық келіссөзі мен бірлес¬кен жұмысының саяси арқауы болуға тиісті. Осыны негізге ала отырып, өңір мем¬ле¬кеттері су қоймаларының жанын¬да кез келген су шаруашылығы құры¬лыстары мен инфрақұрылымын салу жос¬парлары  көршілес елдермен талқы¬ланып, келісуге міндетті екенін түсінген маңызды. Келешекте барлық салдарын есепке алмай, барынша ойланбай салын¬ған Су электр стансалар төмен ағында орналасқан суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етуге теріс әсер етуі мүмкін.
Су нысандарының экологиялық жай-күйі мен орнықтылығының мәсе-лелері де үнемі назарда болуға тиіс. Атап айтқанда, жақында ғана пайда бол¬ған Арнасай көлдерінің жүйесі және құрылуы жоспарланып жатқан Алтын Асыр көлі (Түрікменстан) туралы сөз болып отыр. Олар Арал теңізі су үлесінен толықтырылады. Сонымен қатар Орталық Азия мемлекеттері Арал теңізі¬нің азайтылған, бірақ тұрақты акваториясын сақтау туралы уағдаласты. Бұл Үлкен және Солтүстік Арал теңіздері акваториясының мөлшері туралы мәсе¬лені шешу кезінде ескерілуде. Дәл осындай тәсілді Алтын Асыр көліне және Арна¬сай көлдерінің бүкіл жүйесіне қа¬тыс¬ты да қолданған жөн.
Трансшекаралық өзендерді бөлісіп пайдалану және қорғау туралы айтатын болсақ, кез келген бәсекелестік, дау¬лар мен қайшылықтардан аулақ болу керек. Бұл тұрғыдағы талас бүкіл аймақ¬тың және жеке алғанда оның бар¬лық мемлекеттерінің тұрақты даму мүм¬кін¬діктерін айтарлықтай шектейді. Осы¬лайша, сарапшылар су саласындағы тиім¬ді ынтымақтастықтың болмауының сал¬дарынан қолдан жіберіп алған пайданы жылына 4,5 млрд АҚШ доллары көлемінде есептейді. Тұрақты экономика тиімді ымыраға келуге ой-түрткі болуы керек. Мамандардың пікірінше, Орта¬лық Азиядағы су мен энергия біздің е묬деріміздің қажеттіліктерін қанағат¬тан¬дыру үшін жеткілікті деңгейде бар.
Сонымен қатар аймақтағы суды бірлесіп пайдалану мәселесін талқылай отырып, Ауғанстан елі туралы да ұмы¬туға болмайды. Бүгінде ауған жері¬нің аумағында Әмудария өзені мен оның тармақтарында 12-ден 16 млрд текше метрге дейін су көлемі қалыптасып жата¬ды. Оның ішінен қазіргі уақытта Ауған¬стан Ислам Республикасы 3 млрд текше метрді пайдаланады. Алайда елдегі күрделі әскери-саяси жағдайға қарамастан, Ауғанстанда су ресурстарын жылына 7 млрд текше метрге дейін тұтынуды арттыру қажеттілігі бар.
Бұдан басқа болашақта су айнала¬сындағы жағдай түбегейлі өзгереді және осы өзгерістердің түрткісі демогра¬фиялық өсім болады. БҰҰ бағалауы бо¬йынша 2050 жылға қарай біздің өңірдің халқы 93 млн адамнан асуы мүм¬кін. Олардың ішінде тек Аралдың өңірін¬де 20 млн-ға жуық болады. Мұндай сан қосымша су көлемін талап етеді. Жа¬сал¬ған болжамдар бойынша 2100 жыл¬ға қарай Орталық Азия өңіріндегі ор¬таша жылдық температураның көтері¬луі¬нен жергілікті жағдай күрделене түсуі мүмкін. Бұл өз кезегінде өзен ағынының қысқаруына да әкеліп соғады.
Өңірде халық санының болашақта өсуі және Орталық Азияның алдағы келе жатқан су пайдаланудың артатыны жағдайында су ресурстарын бөлу¬дің нақты, өзара келісілген және тиімді жүйесін қазірдің өзінде құрып, бекіт¬кен абзал. Өңірдегі су ресурстары өзіне ұтымды әрі ұқыпты қарауды талап етеді. Су үшін бәсекелестік, оны сауда-саттықа айналдыру және су ресурс¬тары төңірегіндегі әртүрлі саяси сипаттағы жобалардың әлеуметтік-эконо¬микалық жағдайдың ушығуы мен геосаяси шиеленіске апаратыны сөзсіз. Мұндай сценарий ешкімге қажет емес.
2018 жылғы тамызда Халықаралық Аралды құтқару қорының саммитінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан идеялары мен ұсы¬ныс¬тары өңірдегі көршілер арасын¬дағы қарым-қатынастардағы мұндай бета¬лыстардың алдын алу жағы¬нан көмек бере алады. Атап айтқанда, бұл орайда Халықаралық Аралды құтқару қорының құқықтық және институционалдық базасын дамыту, Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын басқару, бөлу және есепке алу жүйесін, оның ішінде олардың сапасын автоматтандыру туралы ұсы¬ныстарды атауға болады.
Қазіргі уақытта Орталық Азия мемле¬кеттерінің арасындағы жақсы қарым-қатынастар біздің өңірде су ресурстарын бірлесіп басқару саласында өзара тиімді ынтымақтастық тетіктерін құру үшін қолайлы жағдай тудыра алады. Су мәселесінің оңтайлы шешілуі Орталық Азияның елдері үшін өмірлік маңызы бар деген түсініктің көршілерімізде қалып¬та-сып келе жатқаны қуантады. Жақын болашақта су ресурстарын пай-даланудың ұтымдылығы және транс¬шекаралық ирригациялық жүйенің жұмыс істеу тиімділігі бүкіл өңірдің экономикалық өркендеу мүмкіндіктерін айқындайды.
Қазақстан біздің өңірдегі су-энерге¬тикалық мәселелерді шешуді тұрақты қолдап келе жатыр. Мәселен, БҰҰ-ның 75-ші Бас Ассамблеясының жалпы сая¬си пікірталасы барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біздің өңірде Өңірлік су-энергетикалық консорциум құруды ұсынды. Өңірлік консорциумды құру трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану кезінде ирригация мен гидроэнерге¬тика арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар оның қызметі өзендердің жоғарғы ағысын¬дағы энергияның маусымдық жетіс¬пеушілігіне байланысты энергети¬калық дағдарыстардың салдарын болдырмайды немесе жеңілдетер еді.
Экономикалық тұрғыдан алғанда, бұл тетік аймақтың әрбір жеке елдің су немесе энергетикамен өзін өзі қамтамасыз ету саясатына қарағанда прагматика жағынан анағұрлым ұтымды көрінеді. Орталық Азиядағы су-энергетикалық ресурстарды басқарудың жаңа өңірлік саясатын ынтымақ пен бірлескен орнықты даму қағидаттары негізінде құрған абзал.
Осындай ақылға салынған көзқарас бүкіл Орталық Азияның игілігі үшін өңірдің әрбір мемлекеттің мүдделерін кешенді түрде есепке алуға ықпал етеді. Сондай-ақ Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын, оның ішінде олардың сапасын басқару, бөлу, есепке алу және мониторинг жүргізу жүйесін автоматтандырудың уақыты келді. Бұл мемлекеттердің суды пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етіп, көршілер арасындағы өзара сенімді нығайтады деп күтілуде.
Біздің өңірдегі ахуал басқадан ерекше емес. Әлемнің 145-ке жуық елі көрші¬лерімен бірге трансшекаралық су бассейн¬дерін пайдаланады, ал 21 ме쬬ле¬кеттің жер-аумағы толығымен халық¬¬аралық бас¬сейндерге кіреді. Әлем¬дік практикада экономикалық, саяси, әлеуметтік және экологиялық мүдде¬лердің күрделі кешен¬дерін үйлестіруге мүмкіндік беретін көп¬теген ымыралы шешім мен модель бар. Ең бас¬ты¬сы көр¬ші¬лермен жақсы қатынас пен бір¬лескен жұмысқа ынтаның болуы керек.
Қорытындылай келе, біздің аймақтың халықтары көптеген ғасыр бойы су¬ды өзара келісу арқылы пайдаланудың түсі¬нікті жүйесіне ие болғанын атап өткім келе¬ді. Олардың ұрпағы – бізге бүгін сенім¬ді қарым-қатынастарды жаңа¬дан ор¬на¬тып, Орталық Азиядағы су ресурс¬та¬рын басқару тетіктерін қайта құру ма¬ңы¬зды болып тұр. Барлық Орта¬лық Азия ел¬дері экономикаларының орнық¬ты гүл¬денуі мен өсуіне және біздің өңір-дің су-энер¬гетикалық тепе-теңдігін қалып¬тас¬тыруда келіскен іс-қимылдар мен бір-бірі¬мізге қолдау көрсетуге байланысты бола¬ды. Қазіргі уақытта көршілермен тату болып, алдымызда дамудың жаңа бетін ашуға орайлы тарихи мүмкіндік туын¬дап тұр.


Айымдос БОЗЖІГІТОВ,
«Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Басқарма Төрағасы, техника ғылымдарының кандидаты