ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты Басқарма Төрағасының Орынбасары Манарбек Қабазиев 2021 жылғы 2 сәуірде "«Хабар» арнасының «7 күн» бағдарламасы үшін Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы туралы «Шығыс векторы» тақырыбында сұхбат берді. Дипломат «Қазақстан үшін шекара мәселелерін реттеу бірінші дәрежелі мемлекеттік маңызға ие болғанын, шекара туралы келісімге қол жеткізу біздің тату көршілігіміздің басты бағыты болды» деп ерекше атап өтті.
«1999 жылы Кеңес Одағынан мұра болған шекара мәселесі толығымен шешілді. Бұған Қытайдың жас мемлекетке деген сындарлы және достық қарым-қатынасы арқасында қол жеткізілді».