2021 жылы 19 мамырда ҚР СIM Сыртқы саяси зерттеулер институтының аға сарапшысы С.Савельев, Халықаралық Қызыл Крест комитеті ұйымдастырған «Халықаралық гуманитарлық құқықтың өзекті мәселелері мен проблемалары» семинарына қатысты. Семинарда автоматтық қару-жарақ жүйесін құқықтық реттеу, қаруды ғарышқа орналастыру, ядролық қару мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, 2021 жылы 19-20 мамырда ол Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың Британдық верификациялық зерттеу, оқыту және ақпарат орталығымен (VERTIC) бірлесіп ұйымдастырған «Ядролық қарусыздануды тексерудің көпжақты мүмкіндіктерін нығайту» семинарына қатысты.
С.Савельев ядролық қаруды таратпау және қарусыздану, сондай-ақ уран өндіру саласында МАГАТЭ-нің кепілдіктерін қолдану туралы пікірталастарда сөз сөйледі.