+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ИТАЛИЯ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ: ГЕНУЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ССЗИ-да ДИПЛОМАТИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА ҚОНАҚ ДӘРІСІ

2026 жылғы 9 қыркүйекте Сыртқы саяси зерттеулер институтында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының магистранттары мен докторанттарына арналған Генуя университетінің профессоры Мара Моринидің қонақ дәрісі өтті.
Дәріс тақырыбы – ««Италия және Еуразия: стратегиялық қатынастар, экономикалық ынтымақтастық және геосаяси сын-қатерлер». Профессор Мара Морини Орталық Азиядағы қазіргі үдерістерге итальяндық және еуропалық көзқарасты ұсынып, саяси және экономикалық өзара іс-қимылды дамытуға, энергетикалық ынтымақтастыққа, көлік байланысына, Орта дәліздің рөліне, сондай-ақ халықаралық жүйенің трансформациялану жағдайында Орталық Азия мен Еуропа арасындағы байланыстарды кеңейту перспективаларына ерекше назар аударды.
Одан кейінгі пікірталас барысында магистранттар мен докторанттар профессор Моринимен өңірлік және халықаралық саясаттың өзекті мәселелерін, халықаралық байланыстар жүйесіндегі Орталық Азияның артып келе жатқан рөлін, қазақстандық-итальяндық ынтымақтастық перспективалары мен елдер арасындағы сараптамалық диалогтың маңызын талқылады.
Қонақ дәріс ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры Манарбек Қабазиевтың жәрдемдесуімен өтті. Іс-шараны өткізу ССЗИ-дің академиялық дипломатияны дамыту, халықаралық сараптамалық байланыстарды кеңейту және жас қазақстандық мамандардың шетелдік ғалымдар мен зерттеушілермен тікелей өзара іс-қимыл жасауы үшін жағдай жасау жөніндегі жұмысының жалғасы болды.
Мұндай кездесулер магистранттар мен докторанттардың кәсіби білімдерін тереңдетуге, халықаралық көзқарастарын кеңейтуге және халықаралық қатынастарды, сыртқы саясатты және өңірлік үдерістерді зерттеудің қазіргі заманғы шетелдік ғылыми тәсілдерімен танысуға ықпал етеді.
ССЗИ академиялық дипломатияны Қазақстанның халықаралық ғылыми және сараптамалық ынтымақтастығын нығайтудың маңызды бағыты ретінде қарастыра отырып, шетелдік зерттеушілердің қатысуымен өтетін қонақ дәрістер мен сараптамалық кездесулер форматын одан әрі дамытуға ниетті.