Жалпы ақпарат, білім
1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1999 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын бітірді, біліктілігі - инженер-экономист мамандығы.
2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірді, біліктігі - заңгер мамандығы.
Мансап
Еңбек қызметін 1999 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші маманынан бастады.
2002 жылдан 2004 жылға дейін Мемлекеттік қарыздарды және кредиттерді жоспарлау департаментінің Мемлекеттік қарыздарды және кредиттерді талдау басқарма басшысының орынбасары, бастығы, 2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті директорының орынбасары.
2006 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының орынбасары.
2008 - 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірқатар департаменттерін басқарды.
2013 жылдан 2018 жылға дейін «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ Басқармасының төрағасы
2018 жылғы 17 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жеешелендіру комитетінің төрағасы.