+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директорымен кездесу туралы

2021 жылғы 3 маусымда Сыртқы саяси зерттеулер институтында ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Азиядағы Өзара Іс-қимыл және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесі Хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбаймен кездесті. Әңгіме барысында АӨСШК Хатшылығымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар АӨСШК институционалдық даму шеңберінде, оның ішінде Кеңеске қатысушы елдердің өңірлік проблемалары мен сыртқы саясатына арналған пікірталастар мен өзге де бірлескен іс-шаралар өткізу арқылы өзара іс-шаралар жасау туралы уағдаласты.
Кездесуге сондай-ақ ССЗИ Басқарма Төрағасының Орынбасары Манарбек Қабазиев, ССЗИ «Халықаралық ұйымдар және Интеграциялық бірлестіктер» бөлімінің бастығы, Елші Мадина Жарбосынова және АӨСШК Хатшылығының сарапшысы, Елші Дулат Қуанышев қатысты.