«ССЗИ» АҚ «Халықаралық ұйымдар мен Интеграциялық бірлестіктер» бөлімінің басшысы М.Жарбосынова «Единая Россия» партиясының ОСК ұйымдастырған және ү. ж. 22-23 қазанда бейнеконференция режимінде өткен «Экономика адамдар үшін» тақырыбындағы ШЫҰ+ халықаралық партияаралық Форумына қатысты. Алты алаң аясындағы талқылаулар алдында Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннің сәлемдемесі мен «Единая Россия» партиясының төрағасы Д. Медведевтің кіріспе сөзі болды.
«Жаһандық тұрақтылық, ортақ қауіпсіздік және тәуелсіз мемлекеттердің егеменді істеріне араласуға қарсы іс-қимыл мүддесіндегі әріптестік» мәселесін талқылау алаңда сөз сөйлеген М.Жарбосынова Қазақстанның мемлекеттердің егемендік теңдігінің негізгі қағидаттарына және БҰҰ Жарғысында белгіленген олардың ішкі істеріне араласпауға бейілділігін атап өтті. Бейбітсүйгіш сыртқы саяси бағытты таңдай отырып, біздің еліміз тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жаһандық қауіпсіздік мүддесінде кең ауқымды әріптестіктің тиімді тетіктерін құруды белсенді түрде жақтағанын атап өтті. Бұған Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Азияда ЕҚЫҰ – ға ұқсас қауіпсіздік моделін-АӨСШК-ті құру жөніндегі бастамасы айқын мысал бола алады. Қатысушыларды бүгінгі күні АӨСШК толыққанды өңірлік ұйымға айналатын және Азия өңірінің 35 мемлекетін, оның ішінде ШЫҰ-ға мүше елдерді біріктіретін, қарама-қайшылықсыз тұрақты әлемге жол іздейтін беделді көпжақты құрылым болып табылатыны туралы хабардар етті.
ШЫҰ шеңберіндегі Қазақстанның белсенді қызметіне назар аудара отырып, ол өңірдегі тұтастай қамтитын қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тең құқылы диалогқа, өзара сенімді нығайтуға, тату көршілік пен әріптестікке бағытталғанын атап өтті.
Сондай – ақ, қауіпсіздік мүддесіндегі тең құқылы әріптестік пен сенім қағидаты ЕҚЫҰ Саммитінің Астана декларациясының негізіне кіргенін және Еуразиялық кеңістікте бейбітшілікті қамтамасыз ету және қолдау жөніндегі қазақстандық күш-жігер шеңберінде, мысалы, Ауғанстанға жәрдемдесу бағдарламалары мен сирияаралық келіссөздерде іс жүзінде іске асырылып жатқанын жеткізді.
Форумға қатысушыларды Қазақстан әріптес мемлекеттердің ішкі істеріне араласпай, ұжымдық күш-жігермен дағдарыстық жағдайлардың алдын алуға және тұрақтандыруға бағытталған сындарлы және белсенді сыртқы саясатты алдағы уақытта да жалғастыратынына сендірді.