+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Қалымжан Уалханұлы Ибраимов

Қалымжан Уалханұлы Ибраимов

Директорлар кеңесінің мүшесі

ССЗИ ДК-не сайланғаны: ҚР Сыртқы істер министрінің 30.10.2019 ж. №11-3-9/1603 бұйрығымен.
Туған жылы және жері: 27.10. 1965 ж.
Білімі: 1988 ж. Денин ат. Қазақ политехникалық институтын бітірді, мамандығы бойынша инженер-металлург. Еңбек жолын 1982 ж. С.Киров ат. машинажасау зауытының ЧПУ станоктары операторының шәкірті, кейін 3 санатты операторы ретінде бастады.
1983-1988 жж. Ленин ат. Қазақ политехникалық институтының күндізгі бөлімінде оқыды.
1989-1994 жж. «Табиғи битум» Бүкілресейлік мұнай ғылыми-зерттеу институтының Қазақстандағы филиалында интеграцияланған технологиялық зертханасының және БСП инженері болып жұмыс істеді. 1994-1996 жж. аралығында «Казнефтебитум» өңдеу зертханасында ПС БСП ҮЕҰ-да кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
1996 ж. шілдеде ҚР Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетіне әлеуметтік сала, жылжымайтын мүлік және талдау бөлімінің бас маманы ретінде қабылданды, 1997 ж. қаңтарда мемлекеттік мүлікпен жұмыс жөніндегі департаменттің бас маманы лауазымына тағайындалды.
1997-1999 жж. аралығында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және активтерді басқару департаментінде, Мемлекеттік кәсіпорындар мен мүлік басқармасының бас маманы, кейін Мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мүлкін пайдалануды бақылау бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім бастығы, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік ұйымдарындағы мүлік басқармасының бөлім бастығы (ММЖК).
1999 ж. тамыздан – ММЖК Мемлекеттік қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары, 2000 ж. қазанннан – басшының міндетін атқарушысы, 2000 ж. қарашадан – басшысы.
2008 ж. 28 шілдесі мен 7 қарашасы аралығында ММЖК төрағасы орынбасарының міндетін атқарушысы, 2008 ж. 7 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін ММЖК төрағасының орынбасары болып жұмыс істейді.
Қазақстан темір жолының 100-жылдығына мерейтойлық медалімен марапатталды.