2025 жылғы 5 тамызда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Өзбекстан Республикасының ҚР-дағы Елшісі Бахтиер Ибрагимовпен оның өтініші бойынша кездесті.
Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығының екіжақты форматтағы және екі мемлекет мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар шеңберіндегі жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. 2025 жылғы 5 тамыздан бастап Авазда (Түрікменстан) президенттер Қ.Тоқаев, Ш.Мирзиеев және БҰҰ Бас хатшысы А. Гутерриштің қатысуымен өтіп жатқан дамушы елдер бойынша теңізге шыға алмайтын БҰҰ-ның үшінші конференциясына байланысты суды ұтымды пайдалану, жаһандық жылыну, шөлейттену және қуаңшылықты қоса алғанда, өзекті сын-тегеуріндерге бірлескен ден қою мәселелерінің ортақтығы атап өтілді.
Көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіптік және аграрлық өндіріс салаларындағы бірлескен әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асырудағы оң динамика, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан көшбасшыларының өңірлік қауіпсіздікті, орнықты даму мен интеграцияны ілгерілетудегі түйінді рөлі атап өтілді.
Болат Нұрғалиев Сыртқы саяси зерттеулер институтының, атап айтқанда Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастық мәселелерін кешенді зерделеу жөніндегі тәжірибелік қызметі туралы айтып берді.
ССЗИ мен Өзбекстан елшілігі арасында тұрақты байланыс орнату туралы келісімге қол жеткізілді.